Автомобильдің істен шығуы өткелдегі ЖКО себеп болуы мүмкін

Жаңалықтар

Автомобильдің істен шығуы өткелдегі ЖКО себеп болуы мүмкін




13-08-2026

12 тамызда сағат 12:52-де Қарағанды – Сұрыптау – Астана учаскесінің күзетіліп реттелетін өткелінде Volkswagen T4 автокөлігінің ілінісу ақаулығына байланысты өткелде тоқтап қалған.

Салмағы 1,1 мың тоннадан асатын, 76 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолданды және соқтығысудың алдын алды. Жылжымалы дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істеді.

Теміржолшылар жолды тез босатты. Пойыздың кешігуі 10 минутты құрады.

Оқиға туралы ақпарат Теміртау станциясындағы полиция бөлімшесіне берілді.

ҚТЖ жүргізушілерді жол жүру ережелерін сақтауға және темір жол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі