Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
09-03-2026
Қолайсыз ауа райы жағдайына және Қандыағаш — Ақтөбе учаскесіндегі тасжолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 540 жолаушы жедел түрде тасымалданды.
Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станциялардан ұйымдастырылды:
Тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелді.
Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі