Ақтау портындағы түбін тереңдету ТХКБ маршрутының өткізу қабілетін арттырады
26-06-2026
Ақтау теңіз портында кемежай акваториясын тереңдету жобасы аясында геодезиялық зерттеу жұмыстары аяқталды.
Теңіз айлағы акваториясының түбін тереңдету Транскаспий халықаралық көлік бағдарының өткізу қабілетін және кеме қатынасының қауіпсіздігін арттырады. Порт акваториясында тереңдету 6-7 метрге дейін ұлғайтылады, бұл кемелердің толық жүктелуін қамтамасыз етуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дайындық кезеңі шеңберінде мамандандырылған түбін тереңдету флотын, техника мен жабдықтарды жұмылдыру жүргізілуде. Сонымен қатар, жуу картасының учаскесінде қоршау бөгетінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда құрылыстың жалпы ұзындығы 785 метр болған кезде 680 метр төгу орындалды.
Негізгі тереңдету жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысына жоспарланған. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі