Астаналық теміржолшы самбодан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
24-11-2026
Лимассол қаласында (Кипр) өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында бұрынғы машинист Асылхан Әкімов қола медаль жеңіп алды. Ол 60-64 жас санатында және 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Асылхан Шоқанұлының артында қалған естелігі – темір жолдағы көпжылғы еңбек. Ол Астана локомотив пайдалану депосында және «Қамқор Локомотив» ЖШС-да электровоз машинисі болып жұмыс істеді. Бүгінде ол салалық учаскеде және спортпен белсенді айналысуды жалғастыруда. Жаттығу, тәртіп және нәтижеге ұмтылу өмірінің бір бөлігі болып қала береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі