Астанада WorldSkills Kazakhstan 2026 аясында «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша байқау басталды

Жаңалықтар

Астанада WorldSkills Kazakhstan 2026 аясында «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша байқау басталды




27-11-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» базасында WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты шеңберінде  «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша байқау басталды. Осы бағыт бойынша конкурс екінші рет өткізіліп отыр.

Жарысқа 28 болашақ пойыз машинисі – еліміздің барлық өңірлерінен 14 бейінді колледж студенттері қатысады. Байқаудың басты мақсаты – студенттерді даярлауды жетілдіру, олардың біліктілігін арттыру және теміржол саласы үшін бәсекеге қабілетті кадр резервін қалыптастыру.

Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыларға орталықтың заманауи материалдық-техникалық базасы: ТЭ33А тепловозы мен KZ8A электровозының тренажерлері, сондай-ақ электровоз доңғалақ жұптарының құрылғысы мен  автотіркеу механизмін зерделеуге арналған мамандандырылған жабдықтар ұсынылды. Бұл конкурстық сынақтарды локомотив бригадасының нақты жұмыс жағдайларына барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Құзыреттілік бойынша жарыстар 28 қарашада аяқталады, ал жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 30 қарашада өтеді.

 

Анықтама:

Чемпионатты жарыстардың ұлттық операторы – «Talap» КЕАҚ және WorldSkills халықаралық қауымдастығындағы Қазақстанның ресми өкілі ұйымдастырды.

Биыл Астанада WorldSkills Kazakhstan 2026 республикалық чемпионаты 45 құзырет бойынша 800 астам студентті біріктіре отырып, алты негізгі бағыт бойынша (көлікті қоса алғанда) өтуде. Қозғалыстың негізгі миссиясы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың кәсіби дағдыларын дамыту.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі