Астана – Семей бағытындағы жаңа Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды

Жаңалықтар

Астана – Семей бағытындағы жаңа Stadler пойыздарында әйелдерге арналған вагон сақталды




06-11-2026

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №153/154 «Нұрлы жол – Семей» бағыты бойынша қатынайтын жаңа Stadler пойыздарында әйелдер вагоны қызметі сақталғанын хабарлайды. Жаңа пойыздың елордадан Семей қаласына алғашқы сапары 2026 жылғы 13 қарашаға жоспарланған.

Әйелдерге арналған вагон жолаушылардың сапар кезіндегі жайлылығы арттыруға бағытталған. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және жолаушыларға тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, әйелдер вагонында жеті жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етіледі.

Әйелдер вагонындағы билет бағасы осы санаттағы басқа вагондардың билет құнымен бірдей.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Онлайн билет сатып алу кезінде әйелдер вагоны «ЖН» белгісімен көрсетіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, сұранысқа ие сервистерді дамыту және теміржол көлігінде қауіпсіз әрі жайлы сапар жағдайларын жасау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі