Астана көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбілікке 320 астам теміржолшы қатысты

Жаңалықтар

Астана көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбілікке 320 астам теміржолшы қатысты




19-09-2026

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында елорданы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жалпықалалық айлығы аясында өтті.

Жұмыс басталар алдында қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтті.

Жұмыстар Ұлы дала даңғылының оң жағында – көпірден Шерхан Мұртаза көшесіне дейінгі аралықта  жүргізілді.

Теміржолшылар аумақты қоқыстардан тазартып, бұтақтар мен құрғақ, қаңылтыр және шыны бөтелкелерді жинады. Жиналған қалдықтар одан әрі кәдеге жарату үшін белгіленген орындарға шығарылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі