Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
11-06-2026
ҚТЖ-да Астана Халықаралық университетінің студенттеріне экскурсия болып өтті.
Болашақ қаржыгерлер ҚТЖ орталық мұражайына және Тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығына (ТБАО) барды. Мұражайда олар Қазақстанның теміржол көлігінің тарихымен және компания қызметімен танысты.
Негізгі диспетчерлік орталықта студенттерге пойыздар қозғалысын нақты уақыт режимінде басқару процесі көрсетілді.
Экскурсия компанияның кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ұйымдастырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі