Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда




20-08-2026

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде Ақшолақ – Үшбұлақ аралығындағы рельстер астындағы негіздерді үздіксіз ауыстыру жүргізілуде. Жұмыстар 60 сағаттық технологиялық «толаскез» шеңберінде 3542 км ПК 8-ден 3536 км ПК 3-ке дейінгі учаскеде тақ жолда орындалады. Жұмыстар тәулік бойы-күндізгі және түнгі уақытта жүргізіледі.

Жөндеуге Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің 100 астам қызметкері, сондай-ақ Шу және Ағадыр жол дистанцияларының қызметкерлері жұмылдырылды.

Жұмыстарды орындау үшін ауыр жол машиналарының кешені қолданылуда. СМД ескілерін бөлшектейді және жаңа шпалдарды салады, МКТ қиыршық тасты жол жиегінен шпалдарға қайта бөледі, РМ ластанған қиыршық тасты тазартады, ал ХДВ жаңа қиыршық тасты төсейді. ЭЛБ, ВПО, ДМ, ДГС және ПБР машиналары жолды түзетуді және тазартуды орындайды, оның параметрлерін нормативтік талаптарға дейін жеткізеді.

Кешенді технология қысқа мерзімде үлкен көлемдегі жұмыстарды орындауға және жолдың пайдалану сипаттарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Жөндеу аяқталғаннан кейін темір жолының сенімділігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі артады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі