Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы мұнай базасындағы өртті сөндіруге көмек көрсетті

Жаңалықтар

Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы мұнай базасындағы өртті сөндіруге көмек көрсетті




14-01-2026

2026 жылғы 13 қаңтарда Арыс – Монтайтас тас жолы бойындағы Арыс қаласы мұнай базасы аумағының сорғы станциясында 30 м2 алаңда мұнай өнімдерін өрт шалды. Жаналай салынған ғимаратқа және жақын орналасқан бес резервуарға өрттің таралу қаупі туындады.

Түркістан облысы ТЖД сұрауы бойынша өртті жоюға Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы тартылды.

Өрттің алды алынды және де 06:38-ге дейін толығымен жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД, Өрт сөндіру пойызы және басқа бөлімшелердің қызметкерлерін қосқанда 60 адам қатысты. Өртті жою үшін 10 бірлік техника пайдаланылды.

Жазатайым оқиғаларға жол берілмеді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін ТЖД комиссиясы тексереді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі