Қарағанды облысында Балқаш-2 вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Жаңалықтар

Қарағанды облысында Балқаш-2 вокзалын қайта жаңарту аяқталды




02-11-2026

Қарағанды облысында 1976 жылы салынған Балқаш-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміз теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

Қайта құру барысында жалпы ауданы 1 971,22 ш.м. екі қабатты вокзал ғимараты жаңартылды. Үй-жайларды ішкі әрлеу, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілері бойынша жұмыстар аяқталды. Шепкі перронының темірбетон құрылғылары толығымен ауыстырылып, жаңа төсеніштер төселді, шепкі перроны шатырын, желдету жүйесін орнату және витраждарды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық жолдар мен есіктер қарастырылған.

Вокзал 2-ші класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 783 адамды құрайды. Станция арқылы Балқашты Астана, Қарағанды, Семей және Аягөзбен байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы өтеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі