Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
01-08-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қандыағаш – Тобыл учаскесінде жаңғыртудың кезекті кезеңі сәтті аяқталды. 29 тамыздағы жағдай бойынша Никелтау – Әйтеке Би учаскесінде (183 км) автоблокировка құрылысының 2-ші іске қосу кешені орындалды, оның өткізу қабілетін едәуір арттырып жоба бойынша жаңартылған учаскелердің жиынтық ұзындығы 336 км немесе 51% құрады:
Нысандағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес аяқталды, бұл ретте:
Технологиялық «толаскез» кезінде жұмыстарды орындау үшін тәулік бойы 100 астам инженер мен автоматика, телемеханика және байланыс мамандары еңбек етті. Оларды санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін 12 мамандандырылған кластық вагондары тартылды.
Бүкіл желі бойынша жұмыстардың жалпы көлемінен 2 964 км, 1 619 км немесе 54% орындалды, қалғаны - 1 345 км.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі