Ақмола өңірінде «Назар аударыңыз, өткел!» профилактикалық акциясы өтті
19-11-2026
Қара-Адыр – Тастақ аралығының күзетілетін теміржол өткелінде (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) «Назар аударыңыз, өткел!» профилактикалық акциясы болып өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін Атбасар жол дистанциясымен ұйымдастырылды. Рейдке Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Күн сайын өткел арқылы орта есеппен 61 жұп пойыз бен шамамен 178 жеңіл және жүк көлігі өтеді. Өткел Целиноград ауданының Тасты, Жаңа Есіл, Қараменді батыр және Төңкеріс ауылдарының 5 534 тұрғыны үшін көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Осы бағыт бойынша Шортанды ауданымен тәулік бойы үздіксіз автомобиль қатынасы орнаған.
Рейд барысында мамандар жүргізушілермен темір жолдарды қауіпсіз кесіп өту ережелері туралы түсіндірме әңгімелер өткізіп, оларға ақпараттық жадынамалар табыс етті.
Мұндай акциялар теміржол өткелдерінде тоқсан сайын өткізіледі. Ондағы басты мақсат – жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі