Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы 2025 жылы жүк тасымалдау жоспары асыра орындалды
14-01-2026
2025 жылы Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелі арқылы Қазақстан мен ҚХР арасында 16,1 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл Темір жолдары ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) шеңберінде келісілген жоспардан 9% артық.
ҚХР-ға экспорт 5,3 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 20% жоғары. Контейнерлік тасымалдар ерекше үлес қосты – өткелден Еуропаға, Ресейге және Орталық Азия елдеріне 3 589 пойыз өтті.
Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы өткел жұмысының тиімділігін растайды және Қазақстан мен ҚХР арасындағы көліктік ынтымақтастықты нығайтады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі