Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
10-06-2026
Алматы магистральдық желі бөлімшесінде темір жол инфрақұрылымы объектілері мен шаруашылықтарына көктемгі байқау жүргізу сапасына бақылау тексерісі аяқталды. Тексеру «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шакеновтың төрағалығымен өтті.
Тексеру барысында темір жолдың, жасанды құрылыстардың, белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларының жай-күйі, сондай-ақ шаруашылықтардың жазғы кезеңде жұмысқа дайындығы бағаланды.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша жазғы кезеңде инфрақұрылымның техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және техникалық оқытуды жүргізу бойынша міндеттер қойылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі