Алматы айналма желісінің жобасы халықаралық танымалдыққа және ХҚК марапатына ие болды
18-03-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы Дүниежүзілік банк - Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) бөлімшесінің жаңа өңірлік директоры Лиза Кестнермен кездесу өткізді. Басты нәтиже Алматыны айналып өту желісі құрылысын қаржыландыру жөніндегі мәмілені сәтті жапқаны үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы блогына беделді награда тапсыру болды.
Бұл жоба Қазақстан үшін тарихи болды: алғаш рет IFC және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (AIIB) капиталды елдің т/ж саласына бағыттады. Бұдан басқа, Standard Chartered және Инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттік (MIGA) сияқты алыптардың қатысуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаржылық ашықтықтан экологиялық жауапкершілікке дейінгі ең қатаң әлемдік стандарттарға сәйкестігін растайды. Компания командасы осы күрделі, көпжақты мәмілені құрылымдаудағы ең жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі