Абдрахмановтар әулеті – «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы
26-09-2026
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткен «Еңбек – Ел мұраты» республикалық форумында еңбек адамдары мен еңбек әулеттерінің жетістіктері дәріптелді.
Форум аясында «Үздік еңбек әулеті» номинациясының республикалық кезеңінде І орынға ие болған Абдрахмановтар еңбек әулеті салтанатты түрде марапатталды.
Жасұлан Абдрахманов - «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қазалы жол дистанциясында жол шебері болып еңбек етеді. Әулеттің бірнеше буынын біріктірген теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 869 жылды құрайды.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясындағы жеңіс Абдрахмановтар отбасы үшін көп жылғы еңбектің лайықты бағасы болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі