35 мыңнан астам оқушы мен студент темір жолдағы қауіпсіздік сабақтарына қатысты
04-11-2026
Оқу жылының басынан бері ҚТЖ-ның «Қауіпсіз темір жол» акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде 370 мектеп пен 19 колледжді қамтыды. Қауіпсіздік сабақтарына 35 093 оқушы мен 468 студент қатысты.
Іс-шаралар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді және темір жолдағы жарақаттанудың алдын алуға бағытталған. Қатысушыларға темір жолдарының жанында, вокзалдар мен өткелдерде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ тақырыптық әңгімелер өтуізіліп, ақпараттық материалдар көрсетілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі