2026 жылғы 10 наурыздағы «Нұрлы Жол – Семей» пойызындағы әйелдер вагонының жай-күйіне шағым бойынша ақпарат

Жаңалықтар

2026 жылғы 10 наурыздағы «Нұрлы Жол – Семей» пойызындағы әйелдер вагонының жай-күйіне шағым бойынша ақпарат 




16-03-2026

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы Жол – Семей» қатынасындағы №353/354 жолаушылар пойызы Нұрлы Жол станциясынан тақ күндері, айналым бойынша Семей қаласынан жұп күндері жүретінін хабарлайды.   
Пойыз схемасында 9 вагон, оның ішінде 4 купе, 5 плацкарт.
 
Әйелдердің жолаушылар вагоны №3 реттік нөмірмен жүреді.
 
1993 жылы шығарылған вагон пойыз құрамына уақытша енгізілді,  барлық жоспарлы жөндеу түрлері уақтылы жүргізілген.
 
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамын жаңарту аясында Петропавл қаласындағы «Зискто» ЖШС өндірген 61-45 сериялы жаңа вагондар алынды. 

Пойыз құрамы жаңа вагондармен толығымен жаңартылды: 2025 жылы шығарылған 5 плацкарт вагон, 2026 жылы шығарылған 3 купе вагон және 2014 жылы жасалған 1 штабтық вагон жүре бастайды. 

Осыған байланысты, а.ж. 17 наурызынан бастап №18777 зауыттық нөмірі бар жаңа әйелдер вагоны жолға шығады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі