2026 жылдың сегіз айында ҚТЖ желісі бойынша 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Жаңалықтар

2026 жылдың сегіз айында ҚТЖ желісі бойынша 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды




16-09-2026

2026 жылғы қаңтар-тамыз  қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 212,7 млн тоннаны құрады.  Республикаішілік тасымалдар 112,4 млн тоннаға жетті. Экспорттық тасымалдау көлемі 6,8% - ға ұлғайып, 61,5 млн тоннаны құрады.

Ағымдағы жылдың сегіз айында ҚТЖ желісі бойынша 68,3 млн тонна тас көмір жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2% - ға артық. Оның 46,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға (+2%), ал  экспортқа 21,5 млн тонна (+2%) жөнелтілді.

Астық тасымалдаудың оң динамикасы сақталуда. Қаңтар – тамыз айларында астық тиеу 9,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13% - ға артық. Астық  экспорты 14% - ға өсіп, 7,2 млн тоннаға жетті. Республикаішілік қатынаста 2,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8% - ға артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорттық тасымалы 1,8 млн тоннаны құрап, 6% - ға артты.

Есепті кезеңде ҚТЖ желісі бойынша 14,6 млн тонна түсті кен және 13,4 млн тонна құрылыс материалдары тасымалданды.

Жүктердің басқа да негізгі түрлері бойынша өсім байқалды. Темір кенін тасымалдау 69 млн тоннаға жетіп, 1,3 млн тоннаға (+1,9%) өсті. Қара металдарды тасымалдау көлемі 10,8 млн тоннаны (4,5%), шикі мұнайды тасымалдау 1,5 млн тоннаны  (29,8%) құрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі