2026 жылдың 10 айында ҚТЖ ұн, құрама жем және көкөністердің экспорттық тасымалын ұлғайтты

Жаңалықтар

2026 жылдың 10 айында ҚТЖ ұн, құрама жем және көкөністердің экспорттық тасымалын ұлғайтты




05-11-2026

2026 жылдың 10 айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша 7% өсіммен 2,4 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды, оның ішінде экспортқа 2 млн тоннасы жөнелтілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 19% артық.  Орталық Азия елдеріне 734 мың тонна (+13%) тасымалданды.

Қытай Халық Республикасына құрама жем экспорты 32% артып, 3,4 млн тоннаға жетті, оның ішінде контейнерлерде – 3,1 млн тонна (+28%), жабық вагондарда – 286 мың тонна, өткен жылдан екі есе көп.

Биылғы егін жинау маусымының басталуымен тасымалдау көбейе береді. Тамыздан қазанға дейін 774 мың тонна ұнтақ өнімдері (+10%), оның ішінде 652 мың тонна (+24%) экспортқа, Қытайға тасымалданған  құрама жем – 1,1 млн тонна (+13%).

Көкөністерді, оның ішінде картопты тасымалдау 53% ұлғайып, 478 мың тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа 463 мың тоннасы (+55%) жөнелтілді. Негізгі көлемі Өзбекстанға – 349 мың тонна (+52%) жеткізілді, Тәжікстанға 54 мың тонна жеткізілсе, бұл 4 есеге жуық.

ҚТЖ жүк жөнелтушілермен, вагон операторларымен және іргелес темір жолдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, азық-түлік жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі