Жыл басынан бері темір жолда 2 мыңнан астам алдын алу шаралары жүргізілді

Жаңалықтар

Жыл басынан бері темір жолда 2 мыңнан астам алдын алу шаралары жүргізілді




ҚТЖ темір жолда соқтығысу жағдайларының санын азайтуға бағытталған алдын алу шараларының кешенін іске асыруды жалғастыруда.

2025 жыл 10 айының қорытындысы бойынша 30 адам басу оқиғасы орын алған, соның салдарынан 34 адам зардап шегіп, оның 15-і өліммен аяқталған, 19-ы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында үш кәмелетке толмаған да бар.

Оқиғалардың негізгі үлесін азаматтардың теміржол көлігі объектілерінде болу ережелерін бұзған жағдайлар құрайды. 40% жағдайда (12 оқиға) зардап шеккендер мас күйінде, екі жағдайда — құлаққапта, бір жағдайда – суицид болған. 

2025 жылдың 10 айында теміржол өткелдерінде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 3-уі жолаушылар пойыздарының қатысуымен орын алған.

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап теміржолда ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскерилендірілген күзетпен және желілік полициямен бірлесіп 1 570 рейд ұйымдастырылып, 2 105 жиналыс өткізілді, оның ішінде оқу орындарында 66 мыңнан астам адам қамтылды. Рейдтер қорытындысы бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 айыппұл салынды.

ҚТЖ азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, белгіленбеген жерлерде жолдарды кесіп өтпеуге, құлаққаптар мен зейінді төмендететін өзге де құрылғыларды пайдаланбауға, сондай-ақ теміржол объектілерінің жанында өте сақ болуға шақырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі