Қыркүйек айында теміржол көлігімен 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды

Жаңалықтар

Қыркүйек айында теміржол көлігімен 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды




29-09-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2025-2026 жылдардағы науқан шеңберінде биылғы егіннің астығын тасымалдаудың тұрақты орындалуын қамтамасыз етуде. Ағымдағы жылғы қыркүйек айының 28 күнінде 1 млн 171 мың тонна астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 19% артық.

Ішкі тасымалдар 287 мың тоннаны құрады (2024 жылға қарағанда + 65%). Экспортқа 884 мың тонна астық жөнелтілді (2024 жылға қарай +9%). Орталық Азия елдері бағытында — 555 мың тонна (+33%), сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Балтық жағалауы порттарына жөнелтілімдерде айтарлықтай өсім байқалды — 138 мың тонна (+142%).  

ҚТЖ жүк жөнелтушілермен, вагон операторларымен, салалық қауымдастықтармен және орталық мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасай отырып, астық науқанынан өту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыруда. Локомотив және вагон паркі, сондай-ақ компанияның инфрақұрылымы тасымалдардың жоғары көлемін қамтамасыз етуге толық дайын. 

Орталық аппаратта және ҚТЖ өңірлерінде туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін штабтар мен мамандандырылған астық топтары жұмысын жалғастыруда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі