Уважаемые коллеги!

Жаңалықтар

             Құрметті әріптестер!




03-08-2025

Сіздерді теміржол қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Биылғы жылы біздің кәсіби мерекеміз ресми мәртебеге ие болды — бұл теміржолшылардың еңбегінің маңыздылығын мойындау.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сала қызметкерлерін жеке құттықтап, үздіктердің үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттауы мерекені ерекше құнды ете түсті. Бұл біздің кәсібімізді, оның тарихын және теміржолшылардың елдің экономикасы мен өміріндегі рөлін жоғары бағалау. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100 астам қызметкері мен ардагері биыл мемлекеттік наградаларға ие болды. Жалпы 1400 астам теміржолшы атап өтілді. Бұл мақтаныш сезімін оятып, бойға шабыт береді. 

Алда ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, транзиттік әлеуетті нығайту және саланы жаңғырту міндеттері тұр. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз, өз ісіне адалдықтарыңыз, сондай-ақ құрметті ардагерлеріміздің білімі мен тәжірибесі жаңа жетістіктердің негізі болатынына сенімдімін.

Әрқайсыңызға еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңізге және жұмысқа деген ынталарыңыз үшін алғыс айтамын. Әр атқарған жұмыстарыңыз сіздерге қуаныш әкелсін, ал отбасыларыңызда әрқашанда бірлік пен береке, жылулық орнасын. 

Мереке құтты болсын! 

Құрметпен, 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 
Басқарма Төрағасы                                                                                                           .
Т. Алдыбергенов

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі