ҚТЖ және CRCT: контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша жаңа уағдаластықтар
02-08-2025
2025 жылдың 1 тамызында Бейжіңде China Railway Container Transport Co., Ltd. (CRCT) компаниясының кеңсесінде бас директор Дәмір Қожахметов бастаған "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компаниясы - KTZ Express делегациясының CRCT басшылығымен бас директоры Чжун Чэн мырзамен жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар Қытай – Еуропа, Қытай – Ресей, Қытай – Беларусь бағыттарында, сондай – ақ ТХКБ және Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан маршрутында контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты. Қосымша жүк ағындарын тарту және логистикалық маршруттардың тиімділігін арттыру үшін жұмыс тобын құру жоспарлануда. Иран мен Түркия арқылы Еуропаға дәліздің дамуы жалғасуда, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне контейнерлік жөнелтілімдерді ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда.
2021 жылы стратегиялық келісімге қол қоюдан басталған компаниялардың серіктестігі нәтиже беруде. ҚТЖ және CRCT транзиттік контейнерлік тасымалдарды бірлесіп дамытып, процестерді оңтайландырады және тасымалдау көлемінің өсуі үшін жаңа бағыттарды ашуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі