ҚТЖ желісі бойынша "Шұбаркөл Премиум" көмірін тасымалдау бойынша рекорд орнатылды
21-08-2025
2025 жылдың шілдесінде "Шұбаркөл Премиум" ЖШС көмірін теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 416 мың тоннаны құрады, бұл кәсіпорын тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.
7 айдың қорытындысы бойынша жөнелтілген көмірдің жалпы көлемі 1,3 млн тоннаны құрады, оның ішінде: Қызылжар станциясынан – 244 мың тонна, Шұбаркөл станциясынан – 1 млн тоннадан астам.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі