ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалы өсті
01-07-2025
2025 жылғы қаңтар-маусымда ҚТЖ желісі бойынша 6,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңі көрсеткішінен 2,3 млн тоннаға артық (53% өсім). Ішкі тасымалдар 30% — 1,5 млн тоннаға дейін өсті, экспорттық тасымалдар 5,1 млн тоннаны құрап, 2 млн тоннаға өсті (62% өсті).
Орталық Азия елдеріне 2,6 млн тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31% артық. Қырғызстан мен Түрікменстанға тасымалдау екі есеге артып, тиісінше 158 мың және 29 мың тоннаға жетті. Өзбекстанға 1,8 млн тоннадан астам (+23%), Тәжікстанға — 623 мың тонна (+35%), Ауғанстанға — 117 мың тонна (+35%) бағытталды.
Порттар мен транзиттік бағыттар арқылы тасымалдар айтарлықтай өсуді көрсетті: Ақтау мен Құрық арқылы көлемдер Иранға 12 есе, Ресейге/Ресейден 4,7 есе, Балтық елдеріне 13 есе өсті. Қара теңіз порттары арқылы тасымалдау 45%, Балтық порттары арқылы 18% өсті. Ресей Федерациясы арқылы Әзірбайжанға транзит 500 мың тоннадан асты.
ҚТЖ астық қоймаларын жаңа өнім алуға дайындау үшін отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелдік нарықтарға уақтылы жөнелтуді қамтамасыз етуді жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі