ҚТЖ Қытайдағы серіктестік желісін кеңейтуде

Жаңалықтар

ҚТЖ Қытайдағы серіктестік желісін кеңейтуде




22-08-2025

Гуанчжоуда (ҚХР) ҚР сауда және интеграция министрлігі QazTrade-пен бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан Республикасының сауда — экономикалық миссиясы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ– KTZ Express еншілес компаниясы Қытайдан келген әлеуетті әріптестермен және клиенттермен B2B-кездесулер сериясын өткізді.

Іс-шарада компанияның мүдделерін Қытайдың Xinjiang KTZ International Logistics Co., LTD. бөлімшесі ұсынды.

Кездесу барысында KTZ Express өкілдері мультимодальды тасымалдауды, қойма және терминалдық инфрақұрылымды, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы өтетін көлік маршруттарының артықшылықтарын қоса алғанда, логистикалық қызметтердің кең спектрін таныстырды. Қытай, Орталық Азия, Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы жүктерді жеткізу үшін аса перспективалы дәліздердің бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысу Қытайдың негізгі өнеркәсіптік аймақтары – Гуандун, Гуанчжоу, Шэньчжэнь және басқалары компанияларымен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі