ҚТЖ теміржол инфрақұрылымының бөлшектерін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті еске салады
04-03-2025
“ҚТЖ” ҰК” АҚ - “Магистральдық желі дирекциясы” филиалы құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста теміржол инфрақұрылымы элементтерін ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Теміржол көлігінің қызметіне бөгде адамдардың кез келген араласуы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Өткен жылы Игілік - Қорғасын станциясында өндірістік жұмыстарды орындау кезінде Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жолшылары темір жолы төсемдерінің ұрланғанын анықтады. Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде бұзушылар ұсталды, сот оларды 1 жыл бас бостандығын шектеу түрінде жазалауға үкім шығарды.
ҚТЖ мұндай құқық бұзушылықтар жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікке қауіп төндіретінін, пойыздар қозғалысының кешігуіне әкелетінін еске салады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі