ҚТЖ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттырады
02-04-2025
ҚТЖ еншілес компаниясының (“KTZ Express” АҚ) кеңсесінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Превенция қызметінің өкілі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жазира Жылқышиевамен кездесу болды.
Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі корпоративтік бағдарлама шеңберінде өтті. Қызметкерлерге мемлекеттік саясаттағы өзекті өзгерістер түсіндірілді, құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдері айтылды, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесіндегі дербес жауапкершіліктің рөлі белгіленді.
Кездесудің негізгі мақсаты - ұжымның құқықтық хабардарлығын арттыру және кәсіби ортада парасаттылық мәдениетін дамыту.
ҚТЖ мемлекеттік бастамаларды қолдайды және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен оларға жол бермеуге бағытталған тетіктерді енгізуді жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі