ҚТЖ Орталық Азия мен Қытайға астық экспорты маршруттарын дамытуда

Жаңалықтар

ҚТЖ Орталық Азия мен Қытайға астық экспорты маршруттарын дамытуда




19-02-2025

2025 жылдың қаңтарында ақмолалық теміржолшылар 696,7 мың тонна жүк тасымалдады, оның ішінде 512,8 мың тонна астық, бұл 7 478 вагонға тең. Жалпы көлемнің 94,1 мың тоннасы (1 408 вагон) ел аумағы бойынша, ал экспортқа — 418,6 мың тоннасы (6 070 вагон) тасымалданды. 

Орталық Азия, Қытай және Ақтау порты (экспорт) бағытында астық тасымалдауға арналған маршруттарды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Қаңтар айында экспортқа 5 астық жөнелту маршруты  құрылды. Астық 1228 контейнерде тасымалданды, оның 20-сы ұйымдастырылған маршруттарды құрайды.

 2024 жылы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 7,2 млн тонна жүк тасымалданды, оның негізгілері астық, ұнтақ өнімдері, цианид және басқалар болды. 

Тасымалдау процесі тартудың екі түрімен: тасымалдаудың 96% қамтамасыз ететін электровоздық (Қырқыншы – Астана – Көкшетау – Жаңа-Есіл – Пресногорьковская учаскелерінде) және тепловоздық (Петропавл – Көкшетау – Қызыл -Ту учаскелерінде) жүзеге асырылды.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі