ҚТЖ-ның барлық құрылымдарында егжей-тегжейлі өрт-техникалық тексеру жүргізіледі
22-04-2025
Көктемгі комиссиялық тексеру шеңберінде теміржолда барлық құрылымдарға егжей-тегжейлі өрт-техникалық тексеру жүргізіледі. Іс-шара өрт қауіпсіздігінің жай-күйін жан-жақты бағалауға және теміржол көлігі объектілеріндегі ықтимал тәуекелдерді анықтауға бағытталған.
Мамандар қолданыстағы өрттен қорғау жүйелеріне мұқият талдау жүргізіп, жабдықты тексереді және қызметкерлерді оқытады. Тексерудің негізгі элементі өрт туындаған жағдайда қызметкерлер іс-әрекеттерді игеретін техникалық сабақтар болды.
Практикалық жаттығулар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және жедел әрекет ету дағдыларын нығайтуға бағытталған.
Бұл іс-шаралар жолаушылар үшін де, ҚТЖ қызметкерлері үшін де сенімді және қауіпсіз орта құруға ықпал ете отырып, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі