ҚТЖ-ның 2024 жылғы интеграцияланған жылдық есебі ESG-ақпаратты ашу бойынша үздіктер қатарына енді
24.12.2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша қазақстандық үздік 50 компания рейтингінде жоғары позицияларды растайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Компания жалпы есепте екінші орынды және көлік-логистикалық сектордағы компаниялар арасында бірінші орынды иеленді.
Рейтинг PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясы ESG-ақпаратын ашудың сапасы мен толықтығын бағалау негізінде қалыптастырылған. Зерттеу барысында компаниялардың 2024 жылғы жылдық және тұрақты даму есептері талданды. Бағалау әдістемесі бес негізгі блокты: тұрақты даму стратегиясы, корпоративтік басқару, қоғам, экология және қаржылық емес есеп беру практикасы бойынша топтастырылған 165 критерийді қамтиды. Рейтингке барлығы 98 компания қатысты.
Қол жеткізілген нәтиже «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ESG-ақпаратты ашудың халықаралық стандарттарына және корпоративтік есептіліктің ашықтығының үздік тәжірибелеріне бейілділігін растайды.
Компанияның қаржылық емес есептілігі танылған халықаралық стандарттарға және GRI, SASB және TCFD ұсыныстарын қоса алғанда, ESG-ашудың үздік тәжірибелеріне сәйкес қалыптасады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ESG-ашу сапасын арттыру, бизнес-процестерге орнықты даму қағидаттарын интеграциялау және инвесторлар, серіктестер мен қоғам тарапынан сенімді нығайту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.
«ESG-ақпаратын ашу бойынша үздік 50 компания» PwC есебіне сілтеме https://www.pwc.com/kz/en/assets/esg/esg-top-50-december-2025-final.pdf.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі