ҚТЖ: Минскіде логистикалық маршруттардың дамуы талқыланды

Жаңалықтар

ҚТЖ: Минскіде логистикалық маршруттардың дамуы талқыланды




11-04-2025

Минскіде (Беларусь)  теміржол логистикасы мен халықаралық көлік дәліздерін дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін Еуразия елдері өкілдерін жинаған "2025. Теміржол логистикасы: дамудың өзекті міндеттері" III Халықаралық жүк конференциясы өтті.   

Форумда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компаниясы ("KTZ Express" АҚ) атынан Маркетинг және сыртқы байланыстар департаментінің директоры Олжас Сағымбеков сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол "Солтүстік - Оңтүстік" және Трансауған дәлізі сияқты маңызды бағыттарға баса назар аудара отырып, Қазақстан аумағы арқылы өтетін логистикалық маршруттардың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын ұсынды.

Спикер: "KTZ Express компаниясы Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық желідегі маңызды буын ретіндегі позициясын күшейте отырып, стратегиялық маңызды логистикалық бағыттарды белсенді дамытуда. Бұл маршруттарды дамыту халықаралық ынтымақтастықсыз және көлік процесіне қатысушылардың барлығының іс-қимылын үйлестірусіз мүмкін емес. Біздің бірлескен жұмысымыз нақты нәтижелер әкелетініне және барлық тараптар үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенімдіміз" деп атап көрсетті.

Конференция теміржол логистикасы саласындағы өзекті сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау, сондай-ақ елдер мен компаниялар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту үшін маңызды платформаға айналды. Іс-шараға қатысушылар халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру мен  әртүрлі өңірлік және жаһандық көлік жүйелерінің табысты интеграциясы үшін одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі