ҚТЖ мен Оманнан келген делегация көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Жаңалықтар

ҚТЖ мен Оманнан келген делегация көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады




30-05-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) кеңсесінде Компания басшылығының Оман Сұлтандығы делегациясымен кездесуі өтті. Тараптар теміржол тасымалы және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында соңғы 10 жылда Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзит 5 есеге ұлғайғаны атап өтілді. Үндістанға, Пәкістанға және Таяу Шығыс елдеріне жүктерді тасымалдаудың негізгі бағыты және жаңа серпіні болып келе жатқан  «Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізіне ерекше назар аударылды. 

Дәліз маршруттың үш бағыты арасында логистикалық таңдауды қамтамасыз етеді. 

ҚТЖ сонымен қатар Орталық Азиядан Араб теңізінің порттарына ең қысқа шығуды қамтамасыз ететін Трансауған халықаралық көлік дәлізін белсенді дамытуда. Бұл бағыт Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде Оманға жүк тасымалдаудың жаңа
перспективаларын ашады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көліктік-логистикалық әріптестікті нығайтудың жоғары әлеуетін атап өтті, бұл өңірлер арасында жүктерді жеткізуді жеделдетуге және логистикалық шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі