"ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
26-06-2025
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Жалғыз акционерінің 2025 жылғы 26 маусымдағы шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сол шешіммен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі болып Мират Маратұлы Өтепов сайланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі