ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары Қызылорда өңірінің теміржолшыларына еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үйретті

Жаңалықтар

ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары Қызылорда өңірінің теміржолшыларына еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үйретті




27-02-2025

Қызылорда өңірінің 1100 астам теміржолшысы еңбекті қорғау мәселелерінде қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқудан өтті. 

Оқытуды ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары – өндірістегі жазатайым оқиғаларды өздері бастан өткерген қызметкерлер жүргізуде. Өз мысалында олар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. 

Курстың негізгі мақсаты – теміржолшылардың өндірістік қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін дамыту және оларды жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін белсенді құралдарды қолдануға үйрету. Бұл қызметкерлерге жұмыс орындарындағы ықтимал тәуекелдерді тиімдірек анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. 

Курс аясында қатысушыларға зардап шеккендердің отбасылары мен туыстарының әңгімелерін қамтитын өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы бейнефильмдер көрсетілді. Бұл материалдар қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. 

«Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсының бағдарламасы жыл басында Жамбыл өңірінде басталып, жыл бойы барлық өңірлерді қамтиды.

«Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқыту корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және жалпы еңбек тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі