ҚТЖ Достық станциясын дамытуға және теміржолшылардың өмір сүру сапасын жақсартуға инвестиция салуда
29-09-2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ инфрақұрылымдық жобаларға ғана емес, қызметкерлер мен тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатына да ерекше назар аудара отырып, елдің негізгі көлік тораптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жарқын мысалдардың бірі – Достық станциясының ауқымды трансформациясы, ол халықаралық тасымалдардағы стратегиялық буынға және өңір үшін өсу нүктесіне айналады.
2006 жылдан 2025 жылға дейін Достық станциясын дамытуға ҚТЖ инвестицияларының жалпы көлемі 31,5 млрд теңгені құрады. Осы бағдарлама аясында инфрақұрылымдық, және де әлеуметтік жобалар іске асырылды:
Сондай-ақ Достық станциясының негізгі қорларын салу, жаңғырту, жаңарту, жөндеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мұндай инвестициялар елдің транзиттік әлеуетін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар маңызды шекара учаскелерінің бірінде өмір сүруді және еңбек жағдайларын айтарлықтай жақсартады. ҚТЖ Достық станциясын заманауи логистикалық хаб және әлеуметтік бағдарланған аумақ ретінде дамытуды жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі