ҚТЖ Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтті
30-09-2025
ҚТЖ-да Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған іс-шаралар өткізілді, оның мақсаты-қызметкерлердің жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу туралы хабардарлығын арттыру және денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Акцияға ЭКГ-дан өткен 120 жуық адам және қандағы қант деңгейін тексерген 130 қызметкер қатысты.
Медициналық сүйемелдеуді серіктестер: «Archimedes Medical Group» ЖШС, «International clinic of Asia» ЖШС және «Медикер – промышленная медицина» ЖШС қамтамасыз етті.
Теміржолшылар үшін «Өз қысымыңды өлше», Өз холестериніңді біл», «Өз қантыңды біл» «Өз ЭКГ-ды біліңіз» және кардиолог пен терапевттің кеңесі акциялары форматында профилактикалық тексерулер мен экспресс-тексерулер ұйымдастырылды.
Барлық қатысушыларға жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.
Тәжірибелік оқытуға ерекше назар аударылды: жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша тренинг өтті. Қызметкерлер муляжда жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын пысықтап, мамандардың ұсыныстарын тындады.
Қатысушыларға жүрек ауруы мен инсульттің негізгі қауіп факторлары жоғары қан қысымы, жоғары холестерин мен қандағы глюкоза, жаман әдеттер және артық салмақ екенін еске салды.
Дүниежүзілік жүрек күнін өткізу теміржолшылардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға бағытталған корпоративтік мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі