ҚТЖ-да «Тәлімгерлік институты» жобасы іске қосылды
15-10-2025
ҚТЖ-да тәжірибелі қызметкерлерден жас мамандар мен жаңа қызметкерлерге білім, тәжірибе және корпоративтік құндылықтарды берудің тиімді жүйесін құруға бағытталған «Тәлімгерлік институты» корпоративтік жобасы басталды.
Жобаның басты мақсаты – Компанияның кадрлық әлеуетін нығайту, еңбек тиімділігін арттыру және теміржолшылар ұрпақтары сабақтастығын қалыптастыру.
Жобаны іске асыру шеңберінде мынадай түйінді міндеттерді шешу жоспарлануда:
Жоба аясында тәлімгерлер мен тағылымдамашылар пулы құрылады. Тәлімгерлер арнайы дайындықтан өтеді, содан кейін тағылымдамадан өтушілер бекітілген тізімнен тәлімгерді өз бетінше таңдай алады. Тәлімгермен бірлесіп мастер-кластар, техникалық сабақтар, тренингтер және практикалық мысалдарды көрсету форматында оқытуды қамтитын тәлімгерліктің жеке жоспары әзірленетін болады.
Тәлімгерлік процесі апта сайынғы тұрақты кездесулерді, сындарлы кері байланыс алмасуды және тәлімгерлердің қызметін белгіленген критерийлер бойынша бағалауды қамтиды. Тәлімгерлер пулын қалыптастыру кезінде Компаниядағы жұмыс өтілі, кәсіби құзыреттілік пен біліктіліктің жоғары деңгейі ескерілетін болады.
«Тәлімгерлік институты» жобасын іске асыру корпоративтік мәдениетті нығайтуда, адами капиталды дамытуда және ҚТЖ қызметі тиімділігін арттыруда маңызды қадам болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі