ҚТЖ-да «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды




31-10-2025

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қоры мен «Отбасы банк» АҚ-ның қатысуымен теміржолшылар үшін «Қолжетімді баспана» пилоттық жобасын іске асыру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының бас директоры Сапар Нұрашев қол қойды.

Жоба кадрлармен қамтылуы төмен өңірлерде тұратын темір жол қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Бастама компанияның әлеуметтік саясатына және кадрлардың кәсіби өсуін қолдауға маңызды үлес болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі