ҚТЖ-да локомотивтерді көктемгі комиссиялық тексеру аяқталды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да локомотивтерді көктемгі комиссиялық тексеру аяқталды




23-06-2025

Барлық локомотив пайдалану деполарында локомотив паркін жазғы кезенде пайдалануға кешенді дайындау жүргізілді. Көктемгі комиссиялық тексеру (ККТ) шеңберінде локомотивтердің 91%  тексеруден өтті – бұл тепловоздар мен электровоздарды қоса алғанда, 1546 бірлік. Қалған машиналар жазғы жұмыс режиміне ауыстырыла отырып, жоспарлы жөндеулерде болды.  

Тексеру барысында тартқыш жылжымалы құрамның техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық және мәдени жағдайына ерекше назар аударылды. Комиссия локомотивтердің Теміржол көлігін техникалық пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкестігін бағалады. 

ККТ қорытындысы бойынша компанияда орташа баға 4,4 балды құрады. 

Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша еліміздің үздік локомотив деполары анықталды. Көшбасшылар локомотивтердің техникалық жай-күйінің сапасы, сондай-ақ олардың сыртқы түріне, өндіріс мәдениеті мен санитарлық жағдайына қойылатын талаптардың сақталуы бойынша танылды.

1-ші топтағы локомотив деполары (тепловоздар) арасында бірінші орын Бурабай курорты локомотив пайдалану депосына, екінші орын — Матай депосына, үшінші орын — Алматы депосына берілді. 2-ші топтағы локомотив деполарының ішінде (электровоздар) бірінші орынды Шу локомотив пайдалану депосы, екінші орынды Арыс, үшінші орынды Қарағанды депосы иеленді.   

Жүргізілген жұмыс локомотив паркінің жазғы кезеңде пайдалануға жоғары дайындығын растайды және компанияның жүк тасымалының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүйелі көзқарасын көрсетеді. 
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі