ҚТЖ-да "Кәсіп көшбасшылары" пулы құрылды
30-06-2025
Астанада "Кәсіп көшбасшыларын" дамытудың корпоративтік бағдарламасының алғашқы модулі ашылды. Салтанатты шараға "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марал Марасилов қатысты.
2022-2024 жылдары компания өндірістік қауіпсіздікті арттыруға және жеке-іскерлік қасиеттерді дамытуға бағытталған корпоративтік бағдарламалар бойынша өңірлік және желілік деңгейдегі 700 жуық қызметкерді оқытты.
Оқудан өткендердің ішінен ең белсенді 100 маман — шеберлер, нұсқаушылар, бас инженерлер, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар, вагон шаруашылығының ӨТБ, электрмен жабдықтау дистанциялары, жолдар мен сигнал беру және байланыс бастықтары таңдалды.
"Кәсіп көшбасшыларының" пулын құру жұмыс тиімділігін арттыруға және қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған. Жоба стандартты емес мәселелерді шешу және жаңа технологияларды енгізу үшін басқарушылық ойлауды, эмоционалды икемділікті және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады.
Модуль шеңберінде Қауіпсіздік департаментінің мамандары қатысушыларды операциялық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды жүйелі талдауға және шешімдер қабылдауға үйретеді.
ҚТЖ адам ресурстарын басқару департаментінің HR-бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева жоба саланы дамытуға қабілетті көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыратынын атап өтті. Персоналды дамыту - компанияның тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне инвестиция.
Оқу қорытындысы бойынша үздік қатысушылар серіктес компанияларда тағылымдамадан өтіп, магистратура, докторантура, MBA және Mini MBA бағдарламалары бойынша оқи алады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі