ҚТЖ-да ISO халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігіне ішкі аудит аяқталды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да ISO халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігіне ішкі аудит аяқталды




26-06-2025

ҚТЖ-да мақсаты ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 және ISO 50001:2018 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылатын,  сондай-ақ сыртқы және ішкі регламенттеуші құжаттарды бағалайтын басқару жүйесінің ішкі аудиті аяқталды. 

Аудит қорытындысы бойынша жалпы басқару жүйесі аталған халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде қызметті жоспарлау, бақылау, мониторинг және талдау жүзеге асырылады, бұл процестерді ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетеді. 

Дегенмен, аудит менеджмент саласындағы халықаралық стандарттардың кейбір талаптарын орындамаудың жекелеген жағдайларын анықтады. Осыған байланысты Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне Аудит ұсынымдарын орындау бойынша Түзету іс-қимылдары мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу үшін ішкі аудит қорытындылары бойынша есеп жіберілді. 

Ішкі аудит, ең алдымен, біздің басқару жүйемізді жақсарту мүмкіндігі екенін түсіну маңызды.

2025 жылдың 4 тоқсанында «TÜV Thüringen Kazakhstan» ЖШС сертификаттау органы анықталған сәйкессіздіктерді түзетудегі прогресті бағалауға және басқару жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растауға көмектесетін инспекциялық аудит жүргізуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі