ҚТЖ-да болат магистраль қыз-келіншектері арнайы наградалармен марапатталды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да болат магистраль қыз-келіншектері арнайы наградалармен марапатталды 




07-03-2025

8 наурыз қарсаңында ҚТЖ-да болат магистралінің 29 нәзік жанды қызметкері өткен жылы енгізілген жаңа салалық наградалардың алғашқы иегерлері атанды.

Қазіргі уақытта теміржол көлігінің әртүрлі салаларында - локомотив, жол, вагон шаруашылықтарының қозғалысы қызметінде, жолаушылар кешенінің кәсіпорындарында 26 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, олар ерлермен  қатар магистральда қозғалыстың үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2,5 мыңға жуық әйел басшылық қызметтерді атқарады. 


Марапаттау аясында компания қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі