ҚТЖ-да Австрия темір жолдары басшылығымен жұмыс кездесуі өтті

Жаңалықтар

ҚТЖ-да Австрия темір жолдары  басшылығымен жұмыс кездесуі өтті




30-05-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы ÖBB-Holding AG (Австрия федералдық темір жолдары) Басқарма төрағасы А.Маттамен жұмыс кездесуін өткізді. 

Іскерлік кездесу барысында Матта мырза Қазақстан темір жолында цифрландыруды жүргізіп жатқан ҚТЖ қызметі мен жетістіктерімен, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының дамуымен және  перспективаларымен танысты.

Атап өтілгендей, бүгінгі таңда ТХКБ үлкен өсу әлеуетіне ие бола отырып, Азия мен Еуропа арасындағы маңызды сауда артериясына айналуда және инфрақұрылымға инвестициялар салуда, жүктерді жеткізудің жылдам әрі сенімді баламасын ұсынады.

Клиенттерге логистикалық қызметтердің толық спектрін және «есіктен есікке дейін»  кешенді шешімдерін ұсыну үшін ҚТЖ ел ішінде де, одан тыс жерлерде де терминалдық инфрақұрылымды кеңейтеді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен логистикалық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді, бұл да Қазақстанға өңірдің жетекші транзиттік торабы мәртебесін бекітуге әсер етеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі