ҚТЖ-да 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы компания қызметінің қорытындысы бойынша жария тыңдаулар өтті
25-07-2025
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да компанияның 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы бойынша магистральдық теміржол желісінің, кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну және табиғи монополиялар саласындағы электр энергиясын беру және 2025 жылғы 2 жартыжылдықтағы негізгі міндеттер бойынша жария тыңдаулар өтті. Тыңдаулар компанияның орталық кеңсесінде, оның ішінде онлайн-трансляцияны ұйымдастырумен өтті.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ тарифтік саясат департаментінің директоры Диас Түсіпбековтың төрағалығымен өткен іс-шараға ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, қызмет тұтынушылар қатысты.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының экономика жөніндегі атқарушы директоры Еран Қизатов баяндамада субъект туралы жалпы ақпаратты, магистральдық теміржол желісі, кірме жолдар, электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсету саласындағы жұмыс көрсеткіштерін атап көрсетті. Көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасы, инвестициялық бағдарламаны іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары, тарифтік сметаның баппен орындалуы, сондай-ақ қызмет тұтынушылармен жүргізілетін жұмыстар туралы айтып берді.
Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріндегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 103 899 млн.т-км құрады. Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түсетін кірістер 375 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. 2025 жылдың 1 жартыжылдығында магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 83 641 млн. теңгені құрады, оның ішінде өз қаражаты есебінен 51 334 млн.теңге.
Компания үлкен жұмыс жүргізді және күрделі жөндеуді қажет ететін жол шақырымдарының көлемін азайтудың оң динамикасына қол жеткізді. Алайда, оны одан әрі төмендету үшін одан да көп жұмыс істеу керек.
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және инфрақұрылымның "тар" жерлерін жою жолымен өткізу қабілетін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда. Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынды. Дарбаза-Мақтаарал, Қызылжар-Мойынты жаңа желілері, Алматы торабының айналма тармағы салынуда.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға және қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру деңгейін арттыруға көп көңіл бөлінеді.
Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының "Инфрақұрылым" бөлімінде орналастырылған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі