ҚТЖ цифрлық жүйенің жаңа буының әзірлеуді қарастыруда
16-10-2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тасымалдау процесін басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) жаңғырту үшін жаңа буынның цифрлық шешімін әзірлеуге өтінімдерді қарау туралы хабарлайды және отандық IT-сарапшыларды бірлесіп әзірлеуге шақырады.
Ағымдағы жүйені пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты ҚТЖ темір жолдағы тасымалдаудың инновациялық цифрлық платформасын құру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруға кірісуде.
ТПБАЖ темір жолдағы барлық негізгі бизнес-процестер (тасымалдауды ресімдеу, пойыздарды қалыптастыру және жүргізу, тарту ресурстарын басқару, дислокацияны бақылау, жылжымалы құрамның техникалық жай-күйі, картотекаларды жүргізу, теміржол әкімшіліктерінің ұлттық ақпараттық жүйелерімен машинааралық деректер алмасуды жүргізу, темір жол әкімшіліктерінің мемлекетаралық деңгейдегі ақпараттық базасы және т. б.) логикалық өзара байланысты теміржол тасымалының (жөнелту, вагондық, пойыздық, контейнерлік, локомотивтік) ақпараттық моделін нақты уақыт ауқымында құруға және қолдауға арналған. ТПБАЖ жүйесінің деректері операциялық жұмысты басқаруда, болжауда және жоспарлауда қолданылады.
Жаңа жүйе ҚТЖ цифрлық трансформациясының негізгі элементі болады және теміржол тасымалдарын басқарудың тиімділігін, ашықтығы мен жеделдігін арттыруға бағытталатын болады. Жоспарға сәйкес, жаңа шешімді тәжірибелік пайдалану 2027 жылдан кешіктірілмей басталуы тиіс.
Жоба отандық ІТ-сарапшыларды тарта отырып, үздік әлемдік тәжірибелер мен озық технологияларды ескере іске асырылатын болады.
Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтары:
Жоғарыда сипатталған талаптардан басқа, жүйе барлық ағымдағы функционалдылықты, соның ішінде тасымалдау процесінің жаңа талаптарын қамтуы керек.
Жобаны әзірлеушіге қойылатын ерекше талаптар теміржол саласы үшін әзірлеу тәжірибесінің, әртүрлі бейіндегі мамандар штатының, іске асырылған жобалар портфолиосының барлығы болып табылады.
Компания ұсыныстарды қабылдауға дайын және сындарлы диалогқа ашық.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі