ҚТЖ басшылығы ТХКБ халықаралық қауымдастығы Жалпы жиналысының отырысына қатысты
06-03-2025
2025 жылғы 4 наурызда Бакуде (Әзірбайжан) ҚТЖ басшылығы “Транскаспий халықаралық көлік бағдары” (ТХКБ) Халықаралық қауымдастығының 22-ші отырысына қатысты, оның барысында Қауымдастықтың 2024 жылғы қызметі туралы есеп, сондай-ақ ТХКБ бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара барысында отырыс хаттамасына, сондай-ақ бірқатар құжаттарға қол қойылды. ҚТЖ мен PTC Holding арасында өзара түсіністік және өзара қолдау туралы меморандумға келісімге қол қойылды.
Отырыс қорытындысы бойынша "Poti TransTerminal" АҚ (Грузия) Xi ' an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd (Қытай) және UZ Cargo Poland Sp. z o. o. (Польша) ТХКБ халықаралық қауымдастығының қауымдастырылған мүшелігіне қабылданды.
Анықтама: 2024 жылы маршрут бойынша 3,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% артық. Контейнерлік тасымалдау көрсеткіші 56,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 176% артық. ҚХР-дан жөнелтілген контейнерлік пойыздар саны 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 33 есе өсті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі