«ҚТЖ» басшылығы «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жұмысын бағалады

Жаңалықтар

«ҚТЖ» басшылығы «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жұмысын бағалады




06-07-2025

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жұмысымен танысты. Ол теміржол тарихы музейінің құрылыс барысымен танысып, вокзал ғимаратын және оған іргелес аумақты аралап шықты.

Тексеру қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы вокзал кешенінің техникалық жай-күйін жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі